Антарктидадан осыдан 100 жыл бұрын түсірілген суреттер табылды

Антарктидадан осыдан 100 жыл бұрын түсірілген суреттер табылды
Фото: photoblog.org.ua

Бүкіл бір даланы мұздық басып жатқан, өз алдына бөлек материк болып қалыптасқан Антарктида әлі күнге дейін жұмбақ мекен болып келеді. Себебі жыл сайын онда жүздеген экспедициялық зерттеулер жасалады, ғалымдар барып материктің жағдайын біліп, ауа-райы мен мұздықтардың еруін қадағалайды. 

Antarctic Heritage Trust ұйымдастыру орталығы Роберт Скоттың лагерінен осыдан жүз жыл бұрын түсірілген суреттер тапты. Суреттерді фотограф Герберт Понтингдің зертханасынан кездестірген. 
Табылған суреттердің жалпы саны – 22

Суреттер Скот легеріндегі заттар жинақталған жәшік ішінен табылған. Онда бұл суреттермен қатар он мыңға жуық түрлі заттар болған. 

Antarctic Heritage Trust ұйымдастыру орталығының сөзіне сенсек, бұл суреттер жаһанкез Эрнест Шеклтонның 1914-1917 жылдар аралығындағы экспедиция кезінде түсірілген болу керек. Ал Скот лагерінен табылуына себеп, сол кездегі зерттеушілер мұз құрсауында қалып, амалсыздан аталған лагерді паналаса керек. 

Табылған суреттердің тең жартысы жыртылып, өңін жоғалтқан. Ал ұйымдастыру орталығының мәлімедесіне сай суреттердің автор белгісіз болып қала бермек. 

М. Ақан