- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- «Хюгге» стилінде өмір...
«Хюгге» стилінде өмір сүру: ол қандай стиль және неге әлем оған құштар?
Жалпы,«хюгге» сөзі Оксфорд сөздігінің нұсқасы бойынша 2016 жылда ең көп пайдаланылған сөз болып шықты. Өткен жылы ағылшын тілді елдерде осы тақырыпта 10 кітап жазылыпты. Олардың ішіндегі ең танымалы — Ану Партаненнің «The Nordic Theory of Everything: In Search of a Better Life» аталатын кітабы. Оны, тіпті, атақты шоумен Опра Уинфридің өзі оқуға ұсынады.
Қандай мағына береді?
«Хюгге» сөзінің нақты аудармасы жоқ. Негізгі мағынасы «жайлылық» («уют») дегенге саяды. Сөз алғаш норвег тілінен енген және «ауқаттылық», «дәулет», «молшылық» деген мағынада қолданылған.
«Хюгге» — үйлесімді интерьер, жылы атмосфера, барша туған-туыспен бірге өмірдің әдемі сәттерінен ләззат алу. Әрине, бұл біздің халыққа да жат әдет емес, бірақ, нақты осы феноменнің ерекшелігі – айрықша жылы тыныштыққа бейім болуы.
Айтқандай, голланд, швед және неміс тілдерінде «хюгге» сөзінің мынадай баламалары бар: gezellig, gemytlig, gemütlich.
«Хюгге» ұғымына не жатуы мүмкін?
Отбасылық мерекелер, достармен бірге ішетін кешкі ас, кітап оқу, ыстық ванна қабылдау, қысқы киім тоқу, әдемі тұскиіз, құмырадағы жұпар аңқыған гүлдер, жылы көрпе, жұмсақ шұлық, глёг (қызыл шараптан жасалған скандинавиялық ыстық сусын), камин, ағаш үй, тәтті бәліш, әсіресе, корица қосылған. Жалпы өмірдің ең бақытты сәттері. Әдетте, мән бере-бермейтін ұсақ-түйек.
Жалпы түсінік бойынша, «хюгге» маусымының шарықтаған шағы жаңа жылмен сәйкес келеді. Үйде үйлесімді атмосфера пайда болып, барлығының басы қосылатын кез.
Алайда, өмірдің әр сәтін сый қабылдап, сүйсіне білген адам үнемі «хюгге» сезімін кешеді десе де болады.
Ол туралы қайдан толық ақпарат алуға болады?
Бұл тақырыпқа арналған көптеген кітаптың тек біреуі ғана орыс тіліне аударылған. Ол Мейк Викингтің «Hygge кішкене кітабы. Дат халқы бақытының құпиясы» («Маленькая книга Hygge. Секрет датского счастья») деп аталады.
Неге әлем оған құштар?
Мынау тынымсыз заманда адамзат тыныштықты аңсаса керек.
А. Оралқызы