- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Француздар несімен ерекше?...
Француздар несімен ерекше?
Францияда мәдениет деген құндылық үлкен құрметке ие. Олар мәдениеттің қатарына наным-сенім, дәстүрді де қосады. Сондықтан бола, көптеген турист Францияны дәстүрін сыйлаған Жапониямен теңестіріп жатады. Расында да, Батыс Еуропадағы дәстүрін сақтап келе жатырған тек осы – Франция елі.
Францияның тұрғының басты құндылығы – құрмет көрсету мен жымию. Олар сезімтал әрі эмоцияға берілгіш келеді. Ойын, сөзін тез әрі дәл жеткізу үшін қолдарын жиі сермейді.
Амандасу кезінде француздар міндетті түрде қол алысып сәлемдеседі. Кинолардан байқасаңыздар, француздар жақындарын көргенде екі бетінен де сүйіп амандасады, ал алыс таныстарын көргенде тек бір бетінен сүйіп сәлемдеседі. Сырттай баға берген адам да бұлардың арасындағы байланысты осы амалдардан біле алады.
Олар бейтаныс адамдармен «сіз» мәртебесінде сөйлеседі. Сонымен қатар, «месье», «мадмуазель» не болмаса «мадам» деген сыпайы қаратпа сөздермен тілдеседі.
Француздар ойдан тың дүние жасаудан алдына жан салмайды. Әсіресе, тағам әзірлеуден және киім үлгісін жасаудан. Мысалы, ингредиент сәйкестігіне қарамай-ақ, қолында бар затпен тамақ жасай береді, кез келген француздың тоңазытқышында ірімшіктің түр-түрі (оның ішінде балқытылған, моцарелла, пармезан, чеддер, пикорино, рикотта, қызыл шарапқа арналған таледжио, грюйер аталатын ірімшіктер), көк шөптер, шарап пен кілегей, зәйтүн майы, тартылған ет сақталады. Осы аталған тағамдарды дәміне қарай араластырып, әдемі дүние жасап шығады.
Сән әлемінен де француздардың ілгері жүретінінің басты себебі, олар тәуекелге барудан қорықпайды. «Мына бейне (образ) дұрыс емес-ау» дейтін кездер өте сирек кездеседі. Қысқа балақты шалбар мен ұзын жейдені сәйкестендіре алатындар да осы – француздар.
Тәжірибе жасаудан, берік шешім жасаудан да қорықпайтын олар сән подиумында еркін жүріп келеді. Осындай ерекшеліктеріне қарап, француздардың жаңалықты ұнатындарын байқауға болады.
Г. Берік