Тамақ жасай алатын маймыл

Тамақ жасай алатын маймыл
Фото: huffingtonpost.com

Канзиге қарап отырып, "Дарвиннің ілімі рас па?" деп ойлап қаласыз. Неге десеңіз, бұл маймыл қазіргі уақытқа дейін адамның жасап жатқан дүниелерінің көптеген түрін меңгеріп алған, сөзге де түсінеді. Кішкентай кезінде адамның от жағып жатқан фильмін жүзден аса қайталап көріп, соңында бұл әдісті үйренген. Зообақ қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, шимпанзе қазіргі уақытта отты жағып қана қоймай, оны ұзақ уақытқа дейін сақтап, кейіннен сөндіріп кету керектігін біледі. Сонымен қатар Канзи бөгде адамдардың да айтқандарын тыңдап, оны жасауға әрекеттенеді екен. Назарларыңызға ақылды маймылдың әрекеттерін ұсынамыз.






B. ZHAQSYMBET