Бутан патшалығы – Қытай мен Үндістан аралығында орналасқан Оңтүстік Азия мемлекеті.
Бутан мемлекетінің басқарушылық жолындағы басты мақсаты – әр азаматтың бақытты болуына жағдай жасау. Бұл 2008 жылы тамыздың 24-і күні қабылданған Конституцияның 9-бабында бекітілген. Халықты тіркеу кезінде «Сіз бақыттысыз ба?» деген сұрақ қойылады. 2005 жылы жүргізілген соңғы санақ кезінде жұрт жауабы былай қорытындыланған: халықтың 45.2%-ы – «өте бақыттымын», ал 51.6%-ы – «бақыттымын» деп, тек 3.3% «аса бақытты емеспін» деп жауап берген.
Бутанда жалпы ішкі өнім түсінігі – «бүкіл халықтық бақыттылық» көрсеткішімен есептеледі. Бұл Бақыт Министрлігі жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз мемлекет. Ұлттық саясат бойынша да бақыт ең басты орынға қойылған.
Шынында да бұл – аштық, қылмыс болмайтын, халқы соғыс пен жоқшылықтың не екенін білмей, тек шаттықта өмір сүретін таңғажайып ел. Бутанда тұратын жұрт басқаларына қарағанда өте ақжарқын, қонақжай. Бұл жақты жайлаған ел өз мәдениетін құрметпен сақтайды.
Мұнда тіпті жануарлар да бақытты, оларды өлтіруге қатаң тыйым салынған. Химиялық тыңайтқыштар әкелуге де болмайды, жерден өсіп шыққанның барлығы өздігінен таза болып, экологияға зиянын тигізбейді. Бұл таза да гүлденген мемлекеттің тағы бір артықшалығы, Бутанда орман оталмайды.
Патшалық өзін-өзі киіммен, азық-түлікпен толығымен қамтамасыз ете алады. Сол себептен де барлық адам «кхо» ұлттық киімімен жүреді.