Әлемдегі ең таза 10 қала

Әлемдегі ең таза 10 қала

Американың Mercer Human аналитикалық ұйымы 2012 жылдың қаңтар айында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ең таза қалаларды анықтады. Әлемнің 221 қаласы зерттелінген болатын. Таза қалалардың қатарын анықтаған кезде ауаның ластану дәрежесі, канализациялық жүйенің ахуалы, қоқыс қалдықтарының болмауы, ауыз суының таза болуы сияқты факторлар тексерілді. Сонымен қатар, экологиялық ахуалы жақсы әрі таза қалаларда тұратын халықтың мәдениеттілігі, этикалық тәрбиесі, тұрмыс деңгейі ескерілген.

1. Калгари, Канада

2. Гонолулу, Гавайи штаты, АҚШ

Халық саны – 377 000. Тропикалық климаты бар Гонолулуға жыл сайын туристер келеді. Бұл өзгелерді таза көшелерімен, жағымды ауасымен тартады. Гонолулу туристік мекендерімен қатар, мәдени іс-шараларымен танымал.

3. Оттава, Канада

Биіктігі 114 метрге жететін Оттава қаласы Аппалачи тауының баурайында орналасқан. Халық саны – 1 174 000. Климаты қоңыржай, континетальды. 

4. Хельсинки, Финляндия

Жартасты мекенде орналасқан Хельсинки қаласында шамамен 1 299 000 адам тұрады. Климаты қоңыржай континентальды.

5. Веллингтон, Жаңа Зеландия

Халық саны 431 400-ға жететін Веллингтон қаласы вулкан шыққан айлақтың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұл жерде жиі-жиі дауылды желдер соғады. Субтропикалық теңіз климатты.

6. Миннеаполис, Миннесота штаты, АҚШ

Миннеаполистің климаты континетальды. Халық саны – 3 502 891. Бұл қалада қолжетімді бағаға мүлік сатып алуға болады. Сондай-ақ, қала тұрғындарының тұрмыс деңгейі өте жоғары.

7. Аделаида, Оңтүстік Аустралия 

Аделаида қаласы теңіз деңгейінен 50 метр жоғары биіктікте орналасқан. Аумағы 870 шаршы шақырым. Теңіз климатты бұл қаланың тұрғындарының саны 1 138 800.

8. Копенгаген, Дания

Дат елінің Копенгаген қаласының климаты – қоңыржай. Халық саны 548 443.

9. Кобе, Жапония

Бұл қалада кеңінен танымал ірі компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан. Атап айтсақ, ASICS, Daiei, Kawasaki Heavy Industries, Kawasaki Shipbuilding Co., Mitsubishi Motors, Mitsubishi Heavy Industries, Mitsubishi Electric, Kobe Steel, Sumitomo Rubber Industries и TOA Corporation т.с.с. Халық саны 1 538 840.

10. Осло, Норвегия

Халық саны 590 041. Осло қаласын "жастар қаласы", "студенттер қаласы" деп атайды. Бұл қалада жыл сайын шамамен 73 000 студент жоғары білім алады. Ал жұмыс басты жандардың көбі Осло қаласының шеткі аймағында өмір сүреді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?