Табиғат ауытқушылығы туралы қызықты деректер

Табиғат ауытқушылығы туралы қызықты деректер
Фото: paranormal-news.ru

Әлемде көз көрмеген, құлақ естімеген түрлі таңғажайып бар. Бірін білсек, бірін біле бермейміз.

Ассам үнді штатындағы тауда құстар құлайтын аңғар бар. Әр жылдың тамыз айында, түн ортасы ауғанда құздан құстар құлай бастайды. Сонымен қатар құстар жартылай ес-түссіз күйде болады.

Кано спорасы – кәріптас (янтарь) түйіршегінде өмір сүретін микро ағза. Оны микробиолог Рауль Кано ашқан. Таңғаларлығы, спора қарамайға 25 миллион жыл бұрын түскен.

Қытайда сарқырамалы көл бар. Ол қыста 30 градус (Цельсий) аязда да қатпайды. Ал жаздың ортасында табиғаттың тылсым күшімен қата бастайды.

Қазақстанның Талдықорған облысында әлемді таңғалдырған кішкене ғана суат (100×60 м) бар. Ол шілденің шыжғырған күнінде де құрғамайды, мұз боп тұрады. Ол су қоймасында балық ауланбайды, балдыр өспейді. Ол жер әлі күнге дейін толық зерттелмеді. Сүңгуірлер балонға барынша ауа толтырып алып түссе де, үш минуттан соң тұншыға бастайды.

Қазақстандағы тағы бір шетел ғалымдарын таңғалдырған жер – Семей облысында. Бұрынғы Семей полигоны болған жердің орнында айдаһардың бейнесі тәріздес дақ қалған. Ғалымдар қанша бас қатырса да, мұның құпиясын толық аша алмай келеді.

@. @assel_assanova