- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемде сирек кездесетін...
Әлемде сирек кездесетін ит түрлері
Ит – адамның сенімді серігі, айнымас досы. Алғаш қолға үйретілген жануарлардың бірі. Бүгінде сирек кездесетін, жойылып бара жатқан ит тұқымдары артып келеді. Олардың көбісі арнайы өсіріліп қана, жойылудан аман қалып тұр. Олай болса сирек кездесетін иттің 10 түрі туралы айта отырайық.
10. Азавак
Бұл ит тұқымы қазақтың құмай тазысына келеді. Тұрпаты да, жылдамдығы да тазы секілді. Азавакты көбіне Африка құрлығының жергілікті тұрғындары аңға пайдаланады. Әлемде 200-ден астам ғана саны бар деп болжанып отыр.
Тибеттіктер асыл санайтын төбет тұқымын өзге елдерге шығармайды. Бұл иттер ірі, үрпек жүнді, ақылды әрі сүйкімді болып келеді. Толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса отырыңыздар.
8. Кавказ овчаркасы
Кавказ овчаркасы да – әлемдегі алып иттердің қатарына жатады. Бүгінде саны азайып барады екен. Бұл ит адам қаппайды. Көбіне «қой бағуға» бейім.
7. Муди
Бұл ит түрі Венгрияда өсіріледі. Ежелгі ит тұқымдарының бірі. Жүні бұйра болып келетін Муди өте сезімтал, қайсар болады. Аңшылар қабан аулау үшін осы итті алып шығады. Сондай-ақ, құтқару жұмыстары мен есірткі табуда да көп көмегін тигізетін иттердің бірі.
6. Тайдың көк риджбегі
Бұл ит тұқымы Таиландтан бөлек, Вьетнам, Камбоджа мен Индонезияда кездеседі. Тайдың көк риджбегі тазалықты сүйетін ит тұқымдарының бірі. Сондықтан да адамдар бұл ит түрін көбіне үйде асыруға ынтығады.
5. Салюк
Салюк кезінде перғауын иттері саналған. Қазақ тазысына өте жақын тек. Тек тұрқы сәл ұзын, бойы сәл сұңғақ, бірақ тұрпаты мен сымбаты өте жақын. «Қазақ тазысының түп атасы арабтың салюкиі, ол қазақ даласына ислам дінін таратқан араб жауынгерлерімен бірге келді», - деген деректер де бар. Төрт мың жылдай тарихы бар бұл иттердің атауы құм астында қалған Арабтың Салюк қаласының атына байланысты туса керек-ті.
4. Перу инктерінің орхидеясы
Перу инктерінің орхидеясы – сирек кездесетін ерекше ит тұқымдарының бірі. Олардың бас бөлігі мен құйрығында ғана жүн болады. Бұл ит түрі өте сақ келеді.
3. Гиенатектес ит
Бұл ит түрі жабайы болып саналады. Қолға үйретіле бермейді. Сирек кездесетіндіктен арнайы зообақтарда өсіріліп келеді.
2. Ксолоитцкуинтли
Ксолоитцкуинтли – ең ежелгі ит тұқымдарының бірі. Әлемде екі түрі кездеседі. Бірінде жүн болса, екіншісінде жүні болмайды, тықыр келеді. Жүні жоқ түрін «Мексиканың жалаңаш иті» деп те атайды. Мексикада ұлттық құндылық саналады.
1. Леопард тектес катахула
Бұл ит түрі АҚШ-тан өзге елдерде көп кездесе бермейді. Аңшылық үшін аса таптырмас иттердің бірі. Тіпті, қабан мен аю аулауға да күші жетеді. Қазіргі таңда бұл ит тұқымының санын көбейту АҚШ, Германия мен Чехияда қолға алынып отыр.
О. Сансызбай