Су асты әлеміне саяхат

Су асты әлеміне саяхат
Фото: massaget.kz

Жұлдызым Балықтар болған соң ба, су асты әлеміне қатты қызығамын. Осы жылы Мәскеуге сапар шеккенімде, шаһардың ең үлкен аквариумы "Москвариум" кешеніне бардық. Оның зәулімдігінде шек жоқ. Ауданы 12 мың шаршы метрді құрайтын бұл кешеннің ішінде бас-аяғы 8 мың су асты тұрғыны мекендейді. Алыбы да, ұсағы да, ұзыны да, қысқасы да осы ғимаратта. Сіздер де тамашалаңыздар!

Г. Берік