- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Астанасы жоқ ел...
Астанасы жоқ ел жайлы қызықты 10 дерек
Науру Тынық мұхитындағы 21, 3 шаршы шақырым аумақта орналасқан мемлекет. 1968 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Бүгінде елдің 11 мыңнан астам халқы бар.
Аралдың негізгі тұрғындары 3 мың жыл бойы осында өмір сүреді. Елдің ресми астанасы жоқ. Сондай-ақ елде қарулы күштер де атымен жоқ. Назарларыңызға Науру елі жайлы қызықты 10 деректі ұсынамыз.
Науру – жер бетіндегі ең кішкентай тәуелсіз мемлекет.
Науру – Еуропадан тыс жердегі ең шағын мемлекет.
Науру – ең кішкентай арал мемлекет.
Науру – әлемдегі ең семіз адамдар елі де саналады. Мемлекеттің 95 пайыз халқы артық салмақтан зардап шегеді.
Науру елі бүгінде саяхатшыларға бар жағдай жасауды мақсат тұтып отыр. Себебі елде жұмыссыздық пен кірер табыс аз. Десе туристік жағдайды қолға алғалы отырған елде екі ғана қонақүй бар екен.
Науру елінде ресми екі тіл бар. Бірі – ағылшын, бірі – науру тілі. Жазуда латын әліпбиін қолданады.
Науру еліндегі автокөлік жолының барлығы 40 шақырымды ғана құрайды. Сондай-ақ 4 шақырымға созылатын теміржолы да бар екен.
Науру елінің әуежайы мен әуекомпаниясы бар. Онда ескі екі «Боинг» ұшағы жолаушыларға қызмет жасайды.
Науру елінде қоғамдық көліктер жоқ. Сондай-ақ елде тұрақты су арналары да кездеспейді, ауыз су Австралиядан арнайы танкерлер арқылы тасып әкелінеді.
О. Сансызбай