2016 жылы ауа райы ыстық болады

2016 жылы ауа райы ыстық болады
Фото: saratovsegodnya.ru

Британдық ғалымдар ауа райына қатысты болжам айтуда. Олардың мәлімдеуінше, 2016 жыл шектен тыс ыстық болып, рекордты температура орнайды.

Жаһандық жылынуға Эль-Ниньо құбылысы себеп болады. Ғалымдар Жер бетіндегі ауа температурасының әрі қарай жоғарылай беретінін алға тартуда. Ал келесі 2017 жылы бұл ыстық аз да болса бәсеңсуі тиіс екен. Бұл Эль-Ниньоға қарсы жүретін Ла-Нинья құбылысының арқасында болады. Бірақ, мұнан соң Жердегі температура қайтадан жоғарылауы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

О. Сансызбай