Жер бетіндегі ең қауіпті жыландар

Жер бетіндегі ең қауіпті жыландар
Фото: picsfab.com

Жыландар — ғажайып жаратылыс. Олар қанша жұмбақ әрі әдемі болып көрінгенмен, адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан бұлардан сақ болғанымыз жөн. Бүгін біз сіздерге жер бетіндегі ең қауіпті жыландар туралы айтамыз.

1. Ысылдағыш улы жылан

Бұл жылан шұңқыр басты жыландар тұқымдасына жатады. Бас сүйегінде кішкене ойық болғасын оларды осылай атап кеткен. Қауіп-қатер төнген кезде олар құйрығымен соғады. Ысылдағыш улы жыландар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Америка елдерінде көптеп кездеседі. Ресей территориясында да екі түрі бар.

2. Қара мамба

Қара мамба  Африкада кеңінен таралған улы жылан. Ауыз жағы қара болғандықтан оны осылай атаған. Бұл жыланның қозғалыс жылдамдығы — сағатына 25 километр. Шаққанда да өте шапшаң қимылдайды.

3. Ленталы крайт

Бұл аспид тұқымдасына жататын улы жылан түрі. Үндістанның тропикалық ормандарынан, Қытайдың Оңтүстігінен және Бирмадан кездестіруге болады. Олар суда өмір сүргенді сүйеді. Кейде бұларды ұялшақ жыландар деп те атайды. Себебі олар бастарын құйрығының астына тығып жүреді.

4. Жолбарыс жылан

Жолбарыс жыландар Аустралияның Оңтүстік-Шығысында, Тасмания аралдары мен Жаңа Гвинеяда мекендейді. Көбіне орманда, көгалда, жайылымда, кеңістікте жүргенді ұнатады. Бұл жыланның уы адамды өлімге дейін апарады.

5. Мейірімсіз жылан

Бұл аса қауіпті жылан да Аустралияда тіршілік етеді. Оның уы 100 адамды өлтіруге дейін жетеді.

Ж. Исакаев