Ботсванадан соңғы 100 жылдағы ең ірі алмаз табылды

Ботсванадан соңғы 100 жылдағы ең ірі алмаз табылды
Фото: gogetnews

Бостванадан әлемдегі ең ірі алмаз табылды. Салмағы 1111 карат тас үлкендігі жағынан салмағы 3106 карат болған атақты Куллинан алмазына ғана жол береді. Үлкендігі жағынан әлемдегі ең ірі алмаз канадалық Lucara Diamond Corporation компаниясының африкандық кенішінен шыққан.

Компания басшысының айтуынша, жүз жылдан астам уақыттың ішінде табылған ең үлкен зергерлік сападағы, салмағы 1000 караттан асатын алмаз табылуының маңызы зор екен.

Соңғы жүз жылда алмаз іздеушілер мұндай үлкен олжаға тап болмаған. Куллинан алмазы 1905 жылы ОАР-да табылды. Куллинан Ұлыбритания королі Эдуард VII-ге сыйға берілген. Алмаз тоғыз ірі және 96 ұсақ бриллианттарға бөлініп, ең үлкені Британия империясы тәжін көркемдеп тұр.

 Дереккөз: kazinform 

С. Ерсін