Telegram мессенджерінде қазақстандық жұлдыздар бейнеленген стикерлер пайда болды

Telegram мессенджерінде қазақстандық жұлдыздар бейнеленген стикерлер пайда болды
Фото: igraphic.kz

Telegram мессенджерінде қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздары бейнеленген стикерлер пайда болды.

Отандық танымал тұлғалардың суреттері igraphic.kz дизайн-бюросының арт-директоры Владимир Лукашовтың және ресейлік танымал дизайнер Анастасия Ахметзянованың жетекшілігімен салынды. "Біз 10 қазақстандыққа арнап стикерлер шығардық. Олардың арасында Илья Ильин, Баян Есентаева, Геннадий Головкин, Қайрат Нұртас, Сабина Алтынбекова, Әлішер Елікбаев және басқалар бар. Телеграммада оларды стандартты "смайлдарға" ауыстыруға болады", − деді дизайн-бюро директоры Бағлан Айдашов. Бұл жобаның басты мақсаты қазақстандықтардың танымалдығын шетелдік тұтынушылар арасында арттыра түсу.


Әлішер Елікбаев және Баян Есентаева


МС Сайлаубек және Геннадий Головкин


Сабина Алтынбекова және Фархад Әбдірайымов

Бұған дейін Алматылық дизайнерлер қазақстандық тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасап шығарды. Ол кезде бес тұлғаның суреті салынды − Мұхтар Әуезов, Тоқтар Әубәкіров, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы және Әбілхан Қастеев, олардың әрқайсысының суреттері астында қазақстандық жастарға арналған уәждемелі мәтіндер бар. Жоба шеңберінде Telegram-ға арналған стикерлер жасалды, ол жастар арасында кеңінен таралатын болады.


Илья Ильин және Әнуар Нұрпейісов


Сабина келін және Қайрат Нұртас

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін