Олар азайып бара жатыр #2

Олар азайып бара жатыр #2
Фото: bigpicture.ru

Жер-Ана жалғыз адамзаттың емес, бүкіл тіршілік иесінің "анасы", ортақ үйі. Сол себепті біз Табиғат-Ананы қорғап, барлық тіршілік иесіне қамқорлық танытуымыз керек. Ал біз керісінше, орманды кесіп, өзен-көлге қоқыс тастап, талай жазықсыз аң-құстың өмірмен ойнап жүрміз. Соның әсерінен жойылып кету қаупі бар, тіпті,  қызыл кітапқа енген жануарлардың қарасы азайып бара жатыр. Өкінішті...

Иравади дельфиндері

Иравади дельфиндері — Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерін мекендейтін дельфиндердің ең сирек кездесетін түрі. Камбоджа және Лаос елдерінде олар киелі балық саналады. Зертеушілер иравади дельфиндерінің саны күрт азайғанын айтады. Бұған балық аулау кәсібі мен балаларының өмір сүруге қабілетсіздігі себеп болып отыр. 

Кокос шаяны

Кокос шаяны — әлемдегі ең ірі бунақаяқты. Оның салмағы  9 килограммнан да асуы мүмкін. Аты айтып тұрғандай, шаян кокос ағаштарына өрмелеп шығып, кокостарды жарады. Олардан деликатес тағамдары дайындалатындықтан, жойылу қаупінде тұр. 

Какапо

Бұл құсты какапо немесе жапалақ тотықұс деп те атайды. Ол тек Жаңа Зеландияда ғана кездеседі, ұша алмайды және жапалақ тәрізді түнде оянады. Какапоны мысықтар аулап, жемтік етеді. Қазіргі таңда оның тек   130 түрі қалған.

Дюгонь

Дюгонь — тірі қалған төрт теңіз сиырының бірі. Ол Тынық мұхитының шығыс Африка жағалауында өмір сүреді. Оны жергілікті тұрғындар еті үшін аулайды, өйткені оның еті сиыр етіндей болады екен. Ал сүйегі піл сүйегін алмастыра алады. Сол себепті, дюгоньнің саны азайып келе жатыр. 

Лори 

Бұл жануар 1937 жылдан кейін не бары төрт рет қана кезіккен екен. 1939-2002 жылдар аралығында адам көзіне мүлдем көрінбеген. Әлемдік жабайы табиғатты қорғау қорының айтуынша олар қазіргі таңда жер бетінде жоқ болуы мүмкін.

Оюлы өрмекші

Мына әдемі өрмекшіні тек үнді ормандарында кездестіруге болады. Коллекция жинаушылар оның құнын 500 долларға бағалайды. Қазіргі таңда оның да қатары сиреп барады.

Мархур

Мархур — Пәкістанның ұлттық нышаны. Оның даңқы мен ерекше мүйізі үшін аңшылар көрген бетте ойланбастан атып алады екен. Бүгінгі таңда 2500-і ғана өмір сүреді.

Квокка 

Квокка — Аустралияның оңтүстік-батысын мекендейтін кенгуру тұқымдасы. Сүйкімді қалталы жануардың жойылуына динголар мен түлкілер себеп болып отыр. 

Окапи

Бұл жануар зебра-керік атымен де белгілі. 1800 жылдары зерттеушілер оны керік пен зебраның тұқымынан алған болатын.  Окапи сол кезден бастап танымал бола бастады. Қазіргі таңда тек Конго Демократиялық Республикасында шамамен 10-20 мыңы өмір сүреді.

Е. Жұмабайұлы