Олар азайып бара жатыр

Олар азайып бара жатыр

Жер-Ана жалғыз адамзаттың емес, бүкіл тіршілік иесінің "анасы", ортақ үйі.  Сол себепті біз Табиғат-Ананы қорғап, барлық тіршілік иесіне қамқорлық танытуымыз керек. Ал біз керісінше, орманды кесіп, өзен-көлге қоқыс тастап, талай жазықсыз аң-құстың өмірмен ойнап жүрміз. Соның әсерінен жойылып кету қаупі бар, тіпті,  қызыл кітапқа енген жануарлардың қарасы азайып бара жатыр. Өкінішті...

1. Хохлач

Хохлачтар Солтүстік Атлантиканың кейбір өңірлерінде ғана кездеседі. Итбалық тектес бұл жануардың бас бөлігінде мұрын қуысы орналасқан. Оның өзге итбалықтардан ерекшелігі  осында. Қауіп төнгенде не суға түскенде сол мұрын қуысын үрлейді екен.  

2. Ағаш кенгуруі

Бұл қалталы жануар Жаңа Гвинея мен аустралиялық Квинсленд штатын мекендейді. Қарапайым кенгурулерден айырмашығы ол ағаш басында өмір сүреді. Аңшылық пен орманның азаюы салдарынан олардың саны жыл сайын кеміп жатыр.

3. Сақалтай

Қаршыға қатарына жататын бұл құс Гималай, Еуропа мен Азия және Африканың таулы жерлерін мекен етеді. Оны өткен ғасырда "қойды және кішкентай балаларды аулайды" деген қорқынышпен қырып тастаған екен. Алайда бұл пікір жаңсақ болып шықты. Сақалтай тіріні емес, өлі жемтікті азық етеді екен. Қазіргі таңда Әлемдік жабайы табиғатты қорғау қоры сақалтайдың бар-жоғы 10 мыңы ғана өмір сүретінін анықтаған.

4. Аксолотль

Бұл қосмекенді мексикалық кесіртке ретінде де танымал. Ол Американың Орталық көлдерінде мекендейді. 2010 жылы аксолотль жоғалып кету қаупі бар жануарлар қатарына енген болатын. Ал 2013 жылы арнайы зерттеу кезінде зерттеушілер оны еш жерден кезіктіре алмаған.

5. Ақбөкен

Ақбөкен Еуразия даласында жайылып жүреді. Әлемдік жабайы табиғатты қорғау қоры ақбөкеннің саны адамдардың ашкөздігінен азайып жатыр дейді. Бүгінгі таңда жазықсыз жануардың тағдыры қыл үстінде тұр.

6. Еуропалық протей

Бұл қосмекенді хордалылар қатарына жатады. Ол Еуропаның Орталық және Оңтүстік-Шығыс бөлігінде үңгірлерді мекен етеді. Олар су астында азықтанады, ұйықтайды және көбейеді. Протейлер қараңғыда өмір сүреді. Олардың көздері болмаса да, есту және иіс сезу қабілеттері өте жоғары. Еуропалық протейлер судың ластануынан жойылып бара жатыр.

7. Алтын түсті пұшық мұрынды маймыл

Олар Оңтүстік және Орталық Қытайда, 4000 метр биіктікте өмір сүреді. Ол Қызыл кітапқа енген өте сирек кездесетін жануар. Тұрғындар ағаштарды кескендіктен, олар ажал құшады.

8. Ганг гавиалы

Қолтырауындар қатарына жататын бұл жануардың миллион жыл бұрын көптеген түрі кездескен. Оның ұзын әрі иілгіш тұмсығы балық аулау үшін өте қолайлы. Қазіргі таңда Ганг гавиалының 235 түрі бар және олар Үндістанда өмір сүреді. 

9. Құшық мұрынды маймыл

Бұл маймыл Борнео аралында мекендейді. Оның саны соңғы қырық жылда 50%-ға азайған. Орманды кесу олардың қатарын азайтып жатыр. Жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарында құшық мұрынды маймыл көш бастап тұр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады