Көне тиындар мен кілттерден жасалған керемет туындылар

Көне тиындар мен кілттерден жасалған керемет туындылар
Фото: pinterest.com, Moerkey, adme.ru, rulez-t.info

Аустралиялық суретші Moerkey көне тиындар мен кілттерден керемет туындылар жасайды. Оның бұл өнеріне тек қана Аустралия елі емес, күллі әлем бас бармақпен баға береді. Өйткені әр туындысында қиялының жүйріктігі, ойының тереңдігі айқын байқалады.

Мұндай өнер екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі ол үлкен шыдамдылықты, ойлылықты, төзімділікті талап етеді. Moerkey бүгінгі таңда осы өнері арқылы ғаламтор беттерінде кеңінен танылып, қалың жұртшылықтың жылы лебізі мен ыстық ілтипатына бөленіп жүр.

Бүгін біз сіздердің назарларыңызға суретшінің бір топ тамаша жұмысын назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Ж. Исакаев