- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бала ұрлығы қалай...
Бала ұрлығы қалай туындайды?
Джоуи Сэлэдс (Joey Salads) есімді азамат қазіргі таңның үлкен мәселесі саналатын бала ұрлығы туралы әлеуметтік тәжірибе жасады. Бұл әлеуметтік тәжірибеде ол саябақта ойнап жүрген кішкентай бүлдіршіндердің бейтаныс адамға қалай тез алданып қалатындығын көрсетті.
Джоуи түсірілім кезінде алдымен баланың әке-шешесіне жақындап, балаңызға бейтаныс адаммен сөйлеспеу керектігін қаншалықты жиі айтасыз немесе сіз балаңызға танымайтын адаммен сөйлесуге болмайтынын айтып па едіңіз деген секілді сауал қойып, олардан тәжірибе жасауға рұқсат сұрайды. Ең таңқалдыратыны ата-аналар өз балаларының бейтаныс адаммен сөйлеспейтініне нық сенімді болған.
Айлакер экспериментші балаларды қармаққа түсіру үшін өзімен бірге Донатс (Donuts) атты сүйкімді итті жетектеп шығады. Ол ойын алаңында ойнап жүрген баланың біріне жақындап, күшігінің сүйкімді екенін және үйінде тағы барын айтады. Ал оны естіген кішкентай балақайлар сөзіне нанып үйіне баруына еш ойланбастан келісе кетеді.
Егер статистикаға келетін болсақ, бүкіл әлем бойынша бір күнде 700-ден аса бала ұрланады екен. Ал бұл дегеніңіз жылына 250 мың бүлдіршін ата-анасынан айрылып қалады деген сөз. Сол себепті егер сіз бұл видеоны көрген болсаңыз, балаңызды немесе жақыныңызды жаман жайттардан сақтандырыңыз.
Ұқсас жазбалар:
Арзан киімнің артында кім тұр?
Психологқа да психолог керек (видео)
Н. Нұрмаханұлы