Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Рождество Христово мерекесі

Рождество Христово мерекесі

Рождество Христово мерекесі

Григориан күнтізбесін қолданатын католиктер мен протестанттар және де жаңа юлиан күнтізбесін ұстанатын әлемнің православ шіркеулері желтоқсанның 24-інен 25-іне қараған түні Рождество Христова мерекесін қарсы алады.

Рождество Христово мерекесі - христиандықтардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтілетін бұл мерекенің күні юлиандық және григориандық күнтізбеге байланысты ерекшеленеді.


Ұлы Константиннің жеңісінен кейін Рим шіркеуі 25 желтоқсан күнін Рождество Христова мерекесі деп белгіледі.  IV ғасырдың аяғында бүкіл христиан әлемі Рождество мерекесін дәл осы күні тойлайтын болды (тек шығыс шіркеулері ғана бұл мерекені 6 қаңтарда атап өтеді).

Қазіргі таңда да Православ Рождествосы католиктердің мерекесінен 13 күннен кейін тойланады.  Католиктер Рождество мерекесін 25  желтоқсанда тойласа, православтықтар мерекені 7 қаңтарда атап өтеді.

Бұл күнтізбедегі түсініспеушіліктен туындады. Император Юлий Цезарьдың бұйрығымен енгізілген Юлиан күнтізбесі ақпан айына тағы бір тәулікті қосады. Көне рим күнтізбесіне қарағанда, ол әлдеқайда ыңғайлы. Әйтсе де, бұл күнтізбе анық болмай, «артық» тәуліктердің саны көбейе бастады. 128 жылдың әрқайсысына есептелмеген күндер қосылды. Бұл XVI ғасырда христиандықтардың ерекше мейрамдарының бірі Пасха мерзімінен бұрын тойланды. Сондықтан, Рим папасы Григорий XIII реформа қабылдап, юлиандық бағытты григориандыққа ауыстырды. Реформаның басты мақсаты астрономиялық жыл мен күнтізбе арасындағы үдемелі айырмашылықты түзету болатын.


1582 жылы Еуропада жаңа григориан күнтізбесі пайда болды. Ал Ресей болса, юлиан күнтізбесін қолдануды жалғастырды.

Ресейде григориан күнтізбесі 1918 жылы енгізілді. Алайда шіркеу бұл шешімді құптаған жоқ.

1923 жылы Константинополь Патриархының бастамасымен Православ шіркеулерінің жиналасы өтті. Жиналыста Юлиан күнтізбесін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Орыс Православ шіркеуі тарихи жағдайларға байланысты жиналысқа қатыса алмады. Константинопольдағы жиналыс туралы хабардар болған Патриарх Тихон «Жаңа Юлиан» күнтізбесіне өту туралы қаулы шығарды. Бұл қаулыға дін жолында жүрген жандар наразылық білдірген соң, бір айдан кейін қаулы өз күшін жойды.

Грузия, Иерусалим және Сербия Православ шіркеулері, көне юлиан күнтізбесімен өмір сүретін афон монастрлері, шығыс католиктері (Украин Грек-католик шіркеуі) мен ресейлік протестанттардың бір бөлігі Орыс Православ шіркеуімен бірге қаңтар айының 6-сынан 7-сіне қараған түні Рождество мерекесін атап өтеді. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 қаңтар 2012, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.