- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сіз білмеген экзотикалық...
Сіз білмеген экзотикалық жемістер
Алма, алмұрт, банан, шие, апельсин сияқты жемістер бәрімізге таныс болар. Ал сіз әлемнің басқа шетінде өсетін, экзотикалық жемістерді білесіз бе? Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші "сұмдық" тәтті көрінеді. Ендеше, экзотика әлеміне саяхатқа шығайық.
1. «Будданың қолы»
Бұл тәтті жеміс Қытайда, Үндістанда және Жапонияда өседі. Цитрусты жемістер қатарына жататын бұл жеміске қант қосып, "басады" екен. Кейде, лимон қабығының орнына қолданады. Қытайда бұл жеміс сәттілік пен ұзақ жасаудың символы іспеттес, ал Жапонияда тұрмыста жағымды хош иіс шығару үшін пайдаланады.
2. Дуриан
Оңтүстік Азияда өсетін бұл жемістің сыртында түгі бар. Ал іші жұп-жұмсақ әрі тәтті. Бірақ, исі аса жақсы емес. Сондықтан, Сингапурда дурианды қоғамдық орындарда жеуге тыйым салынған.
3. Лонган
Оның екінші атауы – айдаһардың көзі. Шырынды жемісті Қытайда сорпаға, тоқбасарға, қышқыл тағамдарға қосады екен. Сонымен қатар, лонгонды қытай емшілері пацинеттеріне жүйкені тынышталдыру үшін ұсынады екен.
4. Мангостан
Мангостан – Оңтүстік Азияда өсетін жеміс. Малайзиялықтар үшін ең тәтті тоқбасар. Негізі жұмсағын қыстық азық етіп басып қояды екен
5. Пальмира
Пальмира пальмир пальмасынада өседі екен. Оны Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Малайзияда кездестіруге болады. Бір қызығы, ішіндегі дәні жұмсақ.
6. Лукума
Оңтүстік Америкалық жемісті Перу мен Коста-Рика тұрғындары жақсы көреді. Оны тоқбасармен немесе өзін жеке жей береді. Лакума ұнтағын дәмберуші ретінде қолданады.
7. Маранг
Мына тікенекті қабықтың астында жүзімнің көлеміндей тәтті үлкен дәндер бар. Оны бөлшектеген соң, міндетті түрде бір сағаттың ішінде жеп үлгеру керек. Себебі, тез дәмін жоғалтып, қышқыл тартып кетеді.
8. Джекфрут
Азияның оңтүстік-шығысында өсетін бұл жеміс «етті» әрі ананас секілді талдамалы болады. Тәтті және ащы тағамдарда да қолданылады.
9. Яван алмасы
Тайвань жемісі алмұртқа ұқсайды, оның өзін былайда жейді дәне тұнба қайнатады.
10. Тамаринд
Дәмі қышқыл тамаринд Африкада өседі, бірақ көптеген елдерде қолданалады. Мысалы, Үнді және Азия асханаларында көп пайдаланылады. Оның сусынын тек Оңтүстік Африкада ғана ішеді.
Сурет: bigpicture.ru, findfood.ru
Е. Жұмабайұлы