- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемнің сүйкімді жануарлары...
Әлемнің сүйкімді жануарлары жиналған әдемі арал
Хоккайдо — Жапонияның солтүстігіндегі орманды үлкен арал. Сонымен қатар, әлемдегі сүйкімді жануарлар шоғырланған қарашаңырақ. Сіздердің назарларыңызға осы аралды мекендейтін жануарлардың суреттерін ұсынамыз. Бұл өңірдің барлық аңына тән нәрсе бар. Ол — сүйкімділік. Бейкүнә, нәп-нәзік тіршілік иелерінің көздерінде балалық, қылықтарында еркелік бардай. Ендеше, бұл айтқандарымызды өздеріңіз көріп, тамашалаңыздар.
Мына тиін не тығылып тұр, не жаңғағын таппай жүр.
"Покемон" мультфильмінің авторлары осы сүйкімді аңға қарап, кейіпкерлерін ойлап тапқан деседі.
Эдзо фукуро — ірі жапалақтардың ерекше бір түрі.
Олардың ұйықтағандарының өзі "сүйкімді".
Эдзо момонга — ұшардың бір түрі. Ол қанатты тышқан тұқымдасына жатады. Оның мөлдіреген көздері адамды өзіне бірден баурап алады. Бұл аң жергілікті аймақтың символына айналғандай. Жол жүру билеттерінде де, ашық хаттарда да эдзо момонганың суреті бейнеленеді екен.
Қызғылт сары түлкі. Бұл да — осы өңірдің тумасы.
Сурет: bigpicture.ru
Е. Жұмабайұлы