- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ірі жер сілкіністері...
Ірі жер сілкіністері неліктен көбіне түнде болады?
Ғалымдардың айтуынша, күндіз болған жер сілкіністеріне қарағанда түнгі уақыттағы жер сілкінісінің әкелетін шығыны әлдеқайда үлкен болады. Мысалы, 1999 жылғы Түркиядағы 17 мың адам көз жұмған апат жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-3 шамасында, ал 1948 жылғы Түркменстандағы 9-10 балдық жер сілкінісі түнгі 1:15-те болған.
Көп ғалымдар ірі жер сілкіністерінің түнде болуын Aймен байланыстырады. Түнде Ай Жердің көлеңкелі жағына ауысады да, жер қыртысындағы процесстерге барынша қатты әсер етеді деп есептейді.
Ал кейбіреулер Айдың тектоникалық плиталарға ешқандай әсері жоқ, Ай Жерге қарағанда әлдеқайда кіші, сол себепті, оның жер қыртысындағы процесстерге әсер етуге күші келмейтінін айтады. Олар түнде болатын жер сілкіністерінің күндізгіден көп болуын жай ғана сәйкестік деп ойлайды.
Бір қызығы, теориялардың ешқайсысы ғылыми дәлелденбеген. Сондықтан да жер сілкінісінің неліктен көбіне түнде болатыны әзірге құпия болып қалып отыр.
сурет: nnm.ru
Е. Қайрахан