Акуланың асқазанынан шыққан ең ерекше заттар

Акуланың асқазанынан шыққан ең ерекше заттар

Мұхит айдынын кезіп жүрген акуланың асқазанынан түрлі нәрселер шығып жатады. Бүгін біз осы теңіз жануарының асқазанынан шыққан ерекше нәрселер туралы сөз қозғаймыз.

Бағалы тиындар. 1821 жылы ауланған акуланың асқазанынан тиындар шығыпты. Кейін белгілі болғандай, сол аймақтың балықшылары акуланы қызықтырып, аулау үшін мұхитқа жылтырақ нәрселер лақтыратын болған екен.

Зеңібірек оғы. 1823 жылы ауланған акуланың асқазанынан  зеңібіректің оғы шыққан. Мамандар кейін былай деп болжады. Олардың ойынша, қылмыскерлер біреуді өлтіріп, денеден құтылу үшін оны мұхитқа батырып жіберуді мақсат еткен. Сол себепті, денеге зеңбірек оғын байлап мұхитқа бірге лақтырған. Ал акула адаммен бірге оқты да жұтып жіберген.

Компромат. 1775-1778 жылғы соғыс кезінде америкалық Нэнси кемесі барлау жұмыстарын жүргізген екен. Кейін британиялықтар аулаған акуланың ішінен Нэнси кемесінің жұмысына қатысты құжаттар тауып алады. Кейін сол қағаздар кеменің барлаумен айналысқанының дәлелі ретінде қолданылған. 

Қаз. 1862 жылы акуланың асқазанынан қаз шыққан. Шамасы, қаз мұхитқа қатты дауыл кезінде түсіп кеткен болуы керек. Оның табанына иесінің аты-жөні мен мекен-жайы жазылған тақтайша байланған екен. Балықшылар қазды иесіне апарып берген. Иесі қазын акуладан кейін екінші мәрте жепті деседі.

Тірі тасбақа. 1922 жылы акуланың асқазанынан тірі тасбақа шығыпты. Акула оны қорытып үлгермеген болуы керек.

сурет: nnm.me

Е. Қайрахан