- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сатурн серігінен тіршілік...
Сатурн серігінен тіршілік көзі табылды
Ғалымдар Сатурн серіктерінің бірінен ыстық мұхит суын тапты, деп жазады 24.kz.
Ғарышты зерттеушілердің пайымдауынша, бұл Энцеладта тіршілік көзі бар дегенді білдіреді. Авторлар зерттеу нәтижесін Nature журналында жариялаған. Олар мұхит мұзды қабаттың астында 40 шақырым тереңдікте орналасқан деп бағамдайды. Оның қыртысында суды 90 градусқа дейін қыздыратын ыстық қайнар көздері бар көрінеді. Планетааралық «Кассини» стансасы Энцеладаның оңтүстік полюсінен ыстық бұрқақтарды 10 жыл бұрын тапқан.
Ясухито Секине, Токио Университетінің профессоры: "Біз Марста бұрын мұхиттар мен ыстық температура болғанын шамалап білеміз, бірақ қазір ол – құрғақ әрі суық ғаламшар. Ал Энцеладта мұхит пен ыстық бір-бірімен астасып жатыр. Бұл жаңалық онда тірі ағзалар болуы мүмкін деп пайымдауға жол ашады", - дейді.
Сурет: selfire.com
Н. Айдархан