- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Керек емес заттардан...
Керек емес заттардан жасалған керемет туындылар
Егер үйіңізде немесе көлікжайыңызда керек емес заттар жатса, оны лақтыруға асықпаңыз. Сәл ғана фантазияңызды іске қоссаңыз, қоқыстың өзінен керемет туынды жасауға болады. Қолдан жасалған ондай заттар достарыңызды да, тума-туыстарыңызды да қуантары анық. Ендеше назарларыңызға ерекше қиялдан туған бір топ тамаша туындыларды ұсынамыз.
1. Тәтті судың бос бөтелкелерінен жасалған киім ілгіш.
2. Пайдаға жарамсыз көне қайықтан мынадай керемет бесік жасауға болады.
3. Егер пианинода ойнау қолыңыздан келмесе, бұл аспапты аквариумға айналдыру қиынға соқпайды.
4. Көп күшіңізді жұмсамай-ақ, ескі скейтбордыңыздан әдемі әткеншек жасай аласыз.
5. Тозығы жеткен батутты лақтырып тастамай, мынадай вигвам (үндістердің сопақша күмбез тәрізді лашығы) құруға болады.
6. Керек емес киім ілгіштерді жинап, керемет креслоға айналдыра аласыз.
7. Ескі велосипедіңіз сіздің жуынатын бөлмеңіздің бір бөлігі бола алады.
8. Мысықтар қораптар мен шабадандарды ерекше жақсы көреді. Сіздің сүйікті мысығыңыз мынадай керуеттен ешқашан түскісі келмейтін болады.
9. Қораңызда велосипедтен қалған құрал-саймандар толып жатса, олардан осындай аспашам жасап, бөлмеңізге іліп қоя аласыз.
10. Көне шабаданды қолданудың тағы бір түрі.
11. Консерві банкасынан шамдал жасауға болады.
12. Қарапайым құбырдан кітап қоятын сөре де жасап қоюға болады.
Сізге қайсысы қатты ұнады? Достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.
Сурет: bookcoverimgs.com, www.architecturendesign.net, www.pedal-j.com
Оқи отырыңыз:
Лас-Вегастағы түнгі клубтың бірінде 3D иллюзия пайда болды
Жапониядағы түлкілер ауылы туралы біле жүріңіздер
Кішкентай пингвиндерге жемпір тоқып берген жомарт жан
Ж. Исакаев