Дайверлер Жерорта теңізінің түбінен шамамен 1000 жылдай жатқан алтын тиындар көмбесін тапты. Ол тарихтағы табылған ең ірі қазына болып отыр. Бұл бір ертегідегідей оқиға. Бастапқы кезде жолы болғыш дайверлер жағалаудан тиын тауып алып, оны балалардың ойыншығы деп ойлаған. Алайда зерттей келе оның алтын тиын екені анықталады. Содан соң бір топ дайвер бірігіп, іздестіруді әрі қарай жалғастырады. Нәтижесінде 9 килограмдық 2 мыңға жуық алтын тиын табылады.
Бұл тиындар Орталық Шығыс пен Солтүстік Африкада 909-1171 жылдары патшалық еткен Фатимида халифатында қолданылған деген жорамал бар. Ал тағы бір нұсқа бойынша, қазына белгілі бір көпеске тиесілі болуы мүмкін. Алайда бұл қазынаның анық-қанығы әлі күнге анықталған жоқ.
Сурет: www.solvex.ru
Оқи отырыңыз:
Лас-Вегастағы түнгі клубтың бірінде 3D иллюзия пайда болды
Стоунхенджтің көшірмесін көрдіңіздер ме?
Аустрияның аңызға айналған жерлеріне саяхат
Ұшақ парашютшілерді іліп кете жаздады