Жүз жыл бойы жарығын шашқан ғасыр шамы

Жүз жыл бойы жарығын шашқан ғасыр шамы

АҚШ-тағы Калифорния штатына қарасты Ливермор қаласының бір өрт сөндіру бөлімшесінде әлемдегі ең көне электр шамы жұмыс істеп тұр. Бір қызығы, бұл «Жүзжылдық шам» атауына ие болған 4 ваттық  шам қолдан жасалыпты.

Ол 1901 жылдан бері 100 жылдан астам уақыт бойына үнемі жанып келген. Оны мәңгі жанып тұруының мәні мынада деседі: шамды ешқашан сөндірмеуінде. Бұл электр шамы тек жергілікті жердің назар аударарлық құндылығы ғана емес, сонымен қатар, ол Гиннес рекордтар Кітабына әлемдегі ең көне әрі әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан шам ретінде тіркелген. 2001 жылы электр шамының жүзжылдық мерейтойында лампаның шынымен әлі де істен шықпағанына көз жеткізу үшін оның жанына веб-камера орнатып қойған екен. АҚШ-қа ағылған туристердің дені мүмкіндігі болса, ғасыр шамын көрмей кетпейді, ал кейбір әуесқой туристер Калифорния штатына арнайы іздеп барады екен.


Оқи отырыңыз:

1. Күннің шуақты болуын 150 мың АҚШ долларына сатып алғыңыз келе ме?

2. АҚШ-та аллигатор етін жемек болған азамат тұтқындалды

3. Мына құймақты қолмен жасады десем, сенесіз бе? (Видео)

4. Хайуанаттар бағында пандалар жаппай төбелесті

Сурет: wallpaper-3d-hd.ru, 

Е. Жұмабайұлы