Суретті ағаш бетіне қалай көшіреміз? (Видео)

Суретті ағаш бетіне қалай көшіреміз? (Видео)

Біздің жадымыз барлық ақпаратты бірден қабылдай алмайтындықтан, өміріміздің жарқын сәттерін суретке түсіру арқылы сақтаймыз.  Ал, Кристалл Хиткот есімді әуесқой суретші болса, осы ескірген қарапайым суреттерге екінші рет өмір сыйлаудың жолын ойлап тауыпты. Осылай өміріңнің керемет шақтарын мәңгі есте сақтау үшін біздерге бір ғажайып тәсіл ұсынамыз. Мына видеодан Кристаллдың ағаш бетіне суретті түсірген тамаша әдісін көре аласыздар. Бұндай суреттер жай жиектемеге салынған суретке қарағанда, әлдеқайда әдемі көрінеді.

Сізге тек қана желім, декорацияға арналған медиум-гель, бояу жаққыш, өңделген ағаш тақтай мен сурет қажет. Бұндай өнер туындысымен жақындарыңызға түрлі сыйлықтар жасасаңыз болады немесе үйіңізді сәндеп, безендірсеңіз, құба-құп.

Оқи отырыңыз:

1.Мына туындылар жайлы не дейсіз?

2.Орталық Еуропаның жұмбақ жерлеріне саяхат

3.Қытайлық қайырымды кәсіпкер

4.Үндістанда селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті

Cурет: bokeh.com

Е. Жұмабайұлы