Шотландияның ең қарт тұрғыны ұзақ жасауының сырын бөлісті

Шотландияның ең қарт тұрғыны ұзақ жасауының сырын бөлісті

Шотландиядағы ең егде кейуана өзінің ұзақ жасауының сырын бөлісті, деп хабарлады inform.kz Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Джесси Гэллен 2 қаңтарда 109 жасқа толды, ол ұзақ жасауының сырымен бөлісе келіп, көбірек ботқа жеуге және еркектерден аулақ жүруге кеңес берді.

Кейуана ешқашан тұрмысқа шықпаған және ол еркектер өздері туындататын проблемаларға тұрмайды, дегенді айтты. «Мен көп жылдар бойы жаттығулардан қол үзбедім, әр таң сайын ботқа жедім, ешқашан тұрмысқа шықпадым», деді Гэллен.

Қазір ол тұрып жатқан Абердиндегі Crosby House қарттар үйінің қызметкері Ребекка Стритер зейнеткер бірлескен жаттығуларға белсене қатысатынын, өз жаттығулары оған ұнайтынын айтты. Сонымен қатар, Гэллен концерттерге жиі барады және әр жексенбі сайын шіркеуде болады.

Джесси Гэллен 1906 жылы фермерлердің отбасында дүниеге келген. Оның бес сіңлісі мен інісі болды. 13 жасында ол үйінен кетіп, сауыншы болды. Кейінірек бірнеше жерлерде жұмыс жасады. «Менің жұмыс берушілерім мен әріптестерім жақсы адамдар болды. Бүгінгі әлем мен өсіп-өнген кезден әлдеқайда өзгеше болды. Бұл күнді көрудің өзі зор бақыт», - деді ол. 

сурет: news.mail.ru

Е. Қайрахан