Қытайда түскі астың ақысын сұлулықпен өтеуге болады

Қытайда түскі астың ақысын сұлулықпен өтеуге болады

Қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы мейрамханалардың бірі қызықты қызмет түрін ойлап тапты, бұл мейрамханада түскі астың ақысын сұлулықпен төлеуге болады, деп жазады tengrinews.kz сайты qwrt.ru порталына сілтеме жасап.

Эксперименттің мәнісі өте қарапайым, бұл мейрамханаға келгендерді үстелге отырмай тұрып суретке түсіріп алады, сарапшылар оларға баға береді.

Сарапшылар қарапайым адамдар емес, олар нағыз - пластика хирургтері. Олар әдемі деп тапқан адамдар мекеме есебінен тамақтана алады. Мұндай эксперимент әлеуметтік желіде қызу талқылана бастады. Біреулер бұған әзіл-оспақ ретінде қараса, біреулер мейрамхананың шулы акциясына наразылығын білдірді.

Мысалы, жергілікті басшылық "Әдемі келбет үшін тегін түскі ас" деген маңдайшаны ілуге қарсы болды. Шынымен де мұндай акция көпшілікті ренжітуі мүмкін. Дәм жағынан да, түс жағынан да фломастерлер әртүрлі, сондықтан нағыз мамандар болса да хирургтердің көзқарасына сену ақымақтық.

Алайда қалалық үкіметтің наразылығы мейрамхана басшыларын абыржыта алмады, сондықтан акция әлі де жүріп жатыр. Бірақ алдағы уақытта жарнамаға мұқият болуға уәде берілді. Қалай болғанда да эксперимент зор атаққа ие болды, мейрамхана туралы бүкіл әлем біліп, өзін көрікті санайтындар тегін тамақтануға асығып жүр. 

сурет: qwrt.ru

Е. Қайрахан