Гиннесс рекордтар кітабы 2014 жылдың ең басты жетістігін анықтады

Гиннесс рекордтар кітабы 2014 жылдың ең басты жетістігін анықтады

Гиннесс рекордтар кітабының авторлары 2014 жылдың ең үлкен жетістігін анықтады. Бұл жетістікке орыс-француз бірігіп жасаған әшекей жетті. 

Композицияның аумағы 150 шаршы метрді алып жатыр. Оны жасау үшін 285 мың қақпақ пен 270 килограмм желім пайдаланылған. "Алып бөшке" деген атқа ие болған әшекейде Санкт-Петербург пен Бордо қалалары және ежелгі грек құдайлары бейнеленген. Бұл туынды 2014 жылы Франция қаласының жағалауында өткен шарап фестивалінде таныстырылды. Әшекей авторлары ресейлік Сергей Сидоров пен француздық Эльвир Газизова болды. 

Жылдың басты жетістігі Гиннесс рекордтар кітабының сайтында дауыс беру арқылы анықталды. Алғашында сайт қолданушылары "Алып бөшкемен" бірге тағы 6 финалисті таңдады. Олардың қатарына Португалия, АҚШ және Жапония тұрғындары жасаған туындылар кірді. Алайда дауыс беру аяқталған соң "Алып бөшке" жеңімпаз атанды. 

Оқи отырыңыз:

"Америкалықтарша тонау" фильмі көрермендерге жол тартты

Абай жайлы мультсериалдың алғашқы бөлімдері түсірілді

Ұлттық мұражайда «Біз біргеміз» көрмесінің жабылуы аясында дөңгелек үстел өтеді

«Астана Опера» театрында меццо-сопрано ханшайымына арналған концерт өтеді

Сурет: simler.ru

Ж. Исакаев