Лихтенштейн туралы бірнеше дерек

Лихтенштейн туралы бірнеше дерек

♣ Лихтенштейн - неміс тілінде сөйлейтін әлемдегі ең кішкентай мемлекет. Сонымен қатар, Германиямен ортақ шекарасы жоқ неміс тілінде сөйлейтін жалғыз мемлекет.

♣ 31.12.2012 жылғы санақ бойынша халық саны 36 838 адамды құрады. Орташа өмір сүру ұзақтығы: ер адамдар - 74 жас, әйелдер - 81 жас. 

♣ Жер көлемінің кішкентайлығына қарамастан, Лихтенштейн өнеркәсібі өте жоғары дамыған мемлекет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ жөнінен әлемдегі жоғары орындардың бірінде.

♣ Мемлекет территориясының көп бөлігін таулар алып жатқандықтан, Лихтенштейнде тау шаңғысы туризмі жақсы дамыған.

♣ Қазіргі кезде Лихтенштейн 11 муниципалитетке бөлінген конституциялы монархия басқаруында.

♣ Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Лихтенштейн бейтараптық танытады, алайда экономикалық шеңберде Швейцарияға тәуелді болып қалады.

♣ Бірінші керамикалық зауыт Лихтенштейнде тек 1836 жылы ғана ашылды.

♣ Лихтенштейннің ең үлкен қаласы - Шаан, ал астанасы – Вадуц қаласы.

♣ Вадуц қаласында 2009 жылғы санақ бойынша 5100 адам тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі - католиктер. 

♣ Лихтенштейнде таңғы ас Zmorga, түскі ас Zmittag, ал жеңіл кешкі ас Znacht деп аталады.

♣ Лихтенштейн елде өндірілген барлық тауардың 90%-ын экспорттайды.

♣ Мемлекетте тұратын отыз мың халықтың 37%-ын шетелдіктер құрайды. Әсіресе, швейцариялықтар мен австриялықтардың саны Лихтенштейнде өте көп.

Оқи отырыңыз:

Мұң мен даңқ арасынан ұшып өткен көбелек

Менің Тайландтағы күндерім #2

Исландиядағы электр мұнарасы

Көл ортасындағы жалғыз мұнара

Сурет: stranyplanety.ru

Ж. Исакаев