Қасқырлар өзен ағысын қалай өзгертті?

Қасқырлар өзен ағысын қалай өзгертті?

Жер бетіндегі әрбір тіршілік иесінің өзіндік орны бар екенін жастайымыздан білеміз.

Бұл теорияны АҚШ-тағы Иеллоустон паркінде болған оқиға нықтай түсті.

1995 жылға дейін қорықтағы бұландардың саны артып, аймақтың табиғаты жұтаңдай берді. Өсімдік азайып, паркте өмір сүретін тіршілік иелерінің саны да күрт төмендей бастады.

Қорыққа қасқырлар әкелінгеннен кейін аймақтағы тіршілік циклы өзгере бастады. Парктегі өзеннің өзі бағытын өзгертті. Бұл туралы зерттеуші Джордж Монбиоттың көмегімен түсірілген деректі фильмде жан-жақты баяндалады. Толығырақ білгіңіз келсе, төменде орналасқан фильмді көріп шығыңыз. Журналист оқиғаны ағылшын тілінде әңгімелейді, орыс тілінде субтитрлер берілген.

Зерттеуші Джордж Монбиоттың басқа еңбектерімен танысқыңыз келсе, оның жеке сайтына бас сұғыңыз.

сурет: pageresource.com

Е. Қайрахан