Тазалыққа жаны құмар аю

Тазалыққа жаны құмар аю

Жануарлар да тазалықты жақсы көреді. Бұны тексеру үшін мына бейнебаянды түсірушілер кір жуатын машинаны орман ортасына апарып қойған екен. Түсіруші алаңға алып аюдың келе жатқанын көрген топ артқа шегініп, оның әрекетін алыстан бақылап тұрған...

Тазалықты жанындай жақсы көретін бұл аю бұндай сыйды мүлт жібергісі келмей, қыстыгүні өз терісін жумақшы. Иә, бұған сенудің өзі қиын, әрине. Бірақ, Samsung компаниясының жарнама агенттігінің қиялында шек жоқ екен. Мына жарнама видеоролигі сіздерге күлкі сыйлайтынына сенімдіміз.

Е. Жұмабайұлы