- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бельгия туралы қызықты...
Бельгия туралы қызықты мәліметтер
Бельгиялықтар үй жануарларын өте жақсы көруімен танымал. Әр отбасында кем дегенде екі мысық немесе ит өсіреді.
Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, бельгиялықтардың 92%-ы «сырттан» тамақ ішкенді жақсы көреді. Бұл - әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Ел астанасы Брюссельдегі «Завентем» - халықаралық әуежайы шоколад және кәдесый сату жөнінен әлемдегі ең ірі нүктелердің бірі.
Бельгияда сыраның 800 түрі дайындалады.
Бельгияда ресми 3 тіл бар. Елдің солтүстігінде нидерланд тілінде, оңтүстігінде француз тілінде, ал шығыс бөлігінде неміс тілінде сөйлейді. Әр бельгиялық кемінде 2-3 тілді жетік меңгерген.
Еуропадағы ең ұзын адам Бельгияда тұрады. Оның бойы 2 метр 30 сантиметр.
Бельгияның Тьё қаласында кемелер көтерілетін әлемдегі ең үлкен лифт орналасқан. Оның биіктігі 73,15 метр.
Сурет: worlds.ru
Ж. Исакаев