- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жаңа жыл туралы...
Жаңа жыл туралы қызықты деректер
Жаңа жыл туралы сізді таң қалдыратын біраз қызықты деректер бар:
1. Алғашқы құжаттық дәлелдемелер бойынша жаңажылдық шыршаны безендіру дәстүрі XVII ғасырдың басынан басталады. Тарихшылардың пайымдауынша, алғашқы безендірілген ағаштар Эльзас жерінде пайда болды. Жаңажылдық ағашқа безендірулер ретінде түрлі түсті қағаздан жасалған раушан гүлдері, алмалар, печенье, қант пен жылтырақтар болды.
2. Шыршаның алғашқы шыны шары XVI ғасырла Тюрингияда (Саксония) жасалды. Шыршаның ойыншықтарын жаппай өндіру ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алады.
3. Жарық электрикалық гирляндамен безендірілген алғашқы шырша 1895 жылы американдық Ақ үйдің алдына қойылды.
4. 1903 жылы «Малютка» балалар журналының жаңажылдық санында шыққан Раиса Адамовна Кудашеваның «Елочка» өлеңі екі жылдан кейін Леонид Карлович Бекманның әуенімен бәріне танымал «В лесу родилась елочка» әні болып шықты.
5. Ежелгі Римде жаңа жылды наурыз айында қарсы алатын еді. Біздің заманымызға дейін 46 жылы римдік император Юлий Цезарь жыл басын 1 қаңтар деп белгіледі. Оның атымен аталған Юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралды.
6. Францияда 755 жылға дейін жыл басы – 25 желтоқсан саналған екен. 1564 жылдан бастап ІХ Карл патшасының бұйрығымен жыл басы 1 қаңтар деп белгіленді.
7. Англияда жаңа жыл 25 наурыз тойланды, тек 1752 жылы ғана 1 қантарға ауысты.
8. Эскимостар жаңа жылды қар жауған күннен бастап санайды.
9. Кубада үйдегі барлық ыдысты сумен толтырып, жаңажылдық түні далаға төгеді. Бұл олардың өзіндік жаңажылдық ырымы саналады. Бұл әрекет – барлық күнәләрді жуып, шаю үшін жасалады екен. Кубада жаңа жыл – Патшалар күні деп аталады.
10. Грекияда отағасы үйдің қабырғасына анарды жарады. Оның жан жаққа ұшқан дәндері – сәттіліктің белгісі саналады екен.
Сурет: school24.admsurgut.ru
Ф. Абилова