Алты жылдан соң табылған неке жүзігі...

Алты жылдан соң табылған неке жүзігі...

Алты жыл бұрын Висконсин штатының тұрғыны Лоис Матиковски гауһар тастан жасалған неке жүзігін жоғалтып алған екен.

Іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, Лоис үмітін үзеді. Өткен жылдың маусым айында Лоистің қарт төбеті Такер эскимо балмұздағының таяқшасын жұтып қойыпты: бұл иттің кейде жерде жатқан заттарды жұтып қоятын әдеті бар екен.

Мал дәрігері Лоиске төбетіне зақым келтірмей, асқорыту мүшесінен жұтқан затын түсіру үшін вазелин ішкізуді ұсынады.

Бірнеше күннен кейін Такер балмұздақ таяқшасын, артынша иесінің жоғалған неке жүзігін запыранмен құсып шығарған. Сөйтіп, алты жылдан соң, Такер Лоиске неке жүзігін қайтарып берген екен.

Сурет: t-vis.com, ostrana.ru

Е. Жұмабайұлы