- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Халқы ұзақ өмір...
Халқы ұзақ өмір сүретін мемлекеттер
Адам баласы ғұмырының ұзақ болуына тұқым қуалаушылық, физикалық белсенділік, диета сынды көп фактор әсер етеді. Мұнымен қатар, тұрып жатқан мемлекетінің де маңызы зор. БҰҰ мен әлемдік банк орталықтары, Bloomberg ақпараттық агенттігі және халықаралық деңгейде жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, ең ұзақ өмір сүреді деген 10 мемлекет анықталған. Олардың тізімі төмендегідей:
№10 орын Норвегия
Бұл мемлекеттің адамдары орташа есеппен 81,3 жыл өмір сүреді. Мемлекеттің 22%-ын 60 жастағы адамдар құрайды. Ал, зейнетақы жасы – 67 жас.
№9 орын Франция
Франция мемлекеті тұрғындарының орташа жасы – 81,67 жыл. Зейнетақы жасы – 60 жас. Мемлекеттің 24%-ын 60 жастағы адамдар құрайды.
№8 орын Израиль
Израиль тұрғындары орташа есеппен 81,76 жыл өмір сүреді. Ер адамдардың зейнетақы жасы 67 жылды құраса, әйелдердікі – 62 жыл. Мемлекеттің 12%-ы 60 жастағы адамдарға тиесілі.
№7 орын Швеция
Швеция тұрғыны орташа есеппен 81,8 жыл өмір сүреді. Шведтіктер зейнетақыға шамамен 65 жаста шығады. Ал, 60 жастағы адамдар мемлекеттің 25%-ын құрайды. Бір қызығы, шведтік зейнеткерлердің 4,1%-ы ғана балаларымен бірге өмір сүреді.
№6 орын Аустралия
Ерлері 65 жаста, әйелдері 64 жаста зейнетақыға шығатын аустралиялықтар орташа есеппен 81,85 жыл өмір сүреді. 60 жастағы адамдар мемлекеттің 20%-ын құрайды.
№5 орын Италия
Италяндықтар орташа есеппен 82,09 жыл өмір сүреді. Ерлер үшін зейнетақы жасы – 65, ал әйелдер үшін – 60 жыл. 60 жастағы адамдар мемлекеттің 27%-ын құрайды.
№4 орын Испания
Орташа есеппен испандықтар 82,33 жыл өмір сүреді. Әйелдер де, еркектер де 65 жасында зейнетақыға шығады. 60 жастағы адамдар мемлекеттің 23%-ын құрайды.
№3 орын Исландия
Өмір жасының ұзақтығы 82,36 жыл болса, зейнетақыға 67 жаста шығады. Ал, 60 жастағы адамдар мемлекеттік 17%-ын құрайды.
№2 орын Жапония
65 жасында зейнетақыға шығатын жапондықтар орташа есеппен 82,59 жыл өмір сүреді. 60 жастан жоғары адамдар мемлекеттің 32%-ын құрайды.
№1 орын Швейцария
Швейцарияны әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін халқы бар мемлекет деп атауға болады. Өмір сүру ұзақтығы 82,70 жасты құрайды. Ал, ер адамдардың зейнетақыға шығу жасы – 65 жыл, әйелдердікі – 64 жыл. 60 жастан жоғары адамдар мемлекеттің 23%-ын құрайды.
Ал, қазақстандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығы – 69 жас.
Қ. Бүйенбай