Исландияда ағаш өспейді дегенге сенесіз бе?

Исландияда ағаш өспейді дегенге сенесіз бе?

Атлант мұхитының солтүстік-шығысында орналасқан арал мемлекетте ағаш аз өседі. Оған табиғаттың және адамның әсері себеп. Топтасқан аралдардан тұратын архипелаг екі литосфералық тақтаның арасында ораналасқандықтан, белсенді вулкандардың ордасына айналған.

27 белсенді вулканы бар аралда ағаш өте аз өседі. Олар атқылаған вулканның кесірінен жойылып кете берген. Оның үстіне Исландия салқын болғандықтан, адамдар бар ағашты отын ретінде қолданады. Егер осылай жалғаса беретін болса, ағаш мүлде жоқ болып кетуі мүмкін.

Исландия бұрын ну орманды аймақ болыпты-мыс. Айта кетелік, Исландияның жер көлемі Ұлыбритания немесе Португалиядан да үлкен.

Қазір аралда мүлде ағаш жоқ деуге келмейді. Аздап бар. Жұтаң далада жел көп болады. Ағаштың панасына жұмыртқалайтын құстардың түрлері де азайып кеткен.

Осы себепті, ел үкіметі бірнеше жобаларды іске асыруға тырысып жатыр. Мысалы, мұнда қайың, шетен, қарағайлар қайта егіліп жатыр екен.

Сурет: www.mirkrasiv.ru

Ж. Өрісбай