- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Өмірдің бір қызығы...
Өмірдің бір қызығы бала деген... #1
Балаларды суретке түсіру оңай іс емес, ал олардың тәтті қылықтарын сақтап қалатын ескерткіш - бөбектердің суреттері. Ал егер, кәсіби фотосуретшілер мен осы өнерге қызығушылығы бар жандар балаларды суретке түсірсе, мынадай тамаша дүниелерді көруге болады. Айтыңызшы, керемет қой?! Солай деп білсеңіз, сіздер де кішкентай «балапандарыңызды» суретке түсіріңіз, жариялаңыз. Блогтан көріп, қызығына тояйық.
Кристина, Кайла атты екі тынымсыз қыздың әкесі Джейсон Ли ғаламторда танымал боп жүр. Ол қыздарының қызықты суреттерін интернет желісіне салған бойда көпшіліктің ықыласына бөленді.
Қыздардың қылықтары ғаламтор қолданушыларын күлдіріп те, таңқалдырып та жатыр. Жалпы, бұл суреттен отбасы бақытын көруге болады.
Мишель есімді ана өз қызымен бірге ғажайып туындылар жасап жүр. Түсірілген суреттерге қарап отырсаңыз, бір қызық нәрсеге мән беріңіз. Олар асфальт жолға түрлі түсті борлармен сурет салып, сол жерде суретке түскен.
Қыз Қаршақыздың рөлінен парашютшіге, одан сиқыршыға айналады. Осыған қарап, анасы мен қызының қиялында шек жоқ-ау, сірә, деп ойладық!
Ғаламтордағы тағы бір атақты әкелердің бірі – Дейв Энглдоу. Өзін «Әлемдегі керемет әке» атап жүрген Дейвтің қызының есімі – Элис. Ол – әкесінің фотосуреттерінің қаһарманы.
Суреттердің сюжеттері әзілге негізделген. Әр туынды қорқынышты басталса да, соңы жақсылықпен аяқталады.
Ал мымау Канна мен оның әкесі Тойокацу Наганоның суреттері. Олар шынайылыққа, эмоцияға толы.
Суреттердің жалықтырмайтын, жақсы көңіл-күй сыйлайтын қасиеті бар.
Ал, бұлар жай ғана суреттер емес, құдды бір майлы бояумен салынған өнер туындысы іспеттес. Билл Гекас атты фотосуретші мен оның қызы әр түсірілімге үлкен дайындықпен кіріседі.
Талантты фотограф және суретші Адриан Соммелинг логика, физика және табиғат заңдарына "бағынбайтын" сюжеттерді ұнатады екен.
Ал бұл суреттер мейірімділік пен жылулыққа толы ертегі тәрізді. Елена Шумилованың мынадай суреттерінің өзгеше реңкі бар.
Балаға деген махаббаттың сезіліп тұратын бұл туындылар жоғары талғаммен, шынайылықпен жасалған.
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы