- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Арманы мен баласын...
Арманы мен баласын қатар арқалаған әке
Баланың жақсы азамат болуы үшін әке тәрбиесінің маңызы зор. Балаға әкемен өткізген әр уақыт бағалы, әр сәттен сабақ алады. Бірақ, біз, әкелер «материалдық тұрғыда ешкімнен кем болмасын» деп жүргенде, баланың рухани көші артта қалып қойған жоқ па? Әрине, жасап жатқан еңбегіңіздің бәрі балаңыз үшін, сіз тағы да «қызмет, жұмыс, тіршілік» деп жүргенде, балаңыз әкелік мейірімге шөлдеп қалған жоқ па? Мына өмірден алынған «арманы мен баласын қатар арқалаған әкенің» оқиғасы көптеген әкеге үлгі боларына сенімдіміз.
Қытайлық Йу Хуканг өзінің отау құрған әйелімен ажырасып кетеді. Жанында жүре алмайтын жалғыз баласы қалған. Енді оның бары да, бағы да осы баласы еді. Ол баласын оқыту үшін үйден 29 км қашықтықтағы мектепке арқалап апарады. Себебі, баланы оқытуға келіскен жалғыз мектеп те осы болатын. Әке баласын сабағына арқалап апарып, үйіне келіп, тіршілік қамын жасайды. Қайтар уақытында қайтадан арқалап алып қайтады. Арманы мен баласын қатар арқалаған әке бала болашағынан көп үміт күтеді. Және баласының басқа балалар секілді ешнәрсеге мұқтаж болмай, еркін өскенін қалайды. Мұндай мейірімділікті көріп өскен баладан жақсы азамат шығарына біз де сенеміз.
Сіз де – болашақ әкесіз, келешекте балаңыз үшін қандай ерлікке бара аласыз?
Мейірімді болыңыз, мейірімді болайық!
Сурет: propapu.ru, aleibda3.com
Е. Жұмабайұлы