Сан-Франциско қаласының мэрі атанған ит

Сан-Франциско қаласының мэрі атанған ит

Жануарларға қамқорлық көрсететін орталықта өскен чихуахуа күшігі «Бір күнге Сан-Франциско мэрі» атанды. Оған бұл саяси статусты иесі Дин Кларк ұтып берген.

Американың батыс штаттарында жыл сайын жануарларға қомқорлық жасау мақсатында қоғамдық акциялар ұйымдастырылып отырады. Солардың бірі - саяси тақты бір күнге ұтып алу. Мэр орнын Фридаға алып беру үшін Кларк 5000 АҚШ долларын жұмсаған. Қоғамдық акциядан жиналған қаржы жануарлар паналайтын орталықтарға жіберіледі.

Фрида «қала мэрі» атанғаннан кейін Сан-Францисконың орталық көшелерінде серуендеп, қаланың беделді тұлғаларымен кездеседі. Тіпті қоғамдық шеру мен марапаттау кештеріне де қатысады.

Айта кетсек, енді жыл сайынғы дәстүрге айналатын акциядан түскен қаржы көшеде қалған 10 мың үй жануарын бір жыл көлемінде асырауға жетеді екен.

Сурет: mashable.com

Ж. Өрісбай