- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ең көп рекорд...
Ең көп рекорд орнатқан рекордшы
Ашрита Фурман – рекорд жасау бойынша ең көп рекорд орнатқан рекордшы. Оның қанжығасында әртүрлі деңгейдегі Гиннесс рекордтар кітабына енген 103 рекорд бар. Сонымен қатар ол орнатқан 20 рекордты бүгінге дейін әлі ешкім бұза алмады.
Фурманнан кейінгі екінші орында 18 рекордпен Пол Маккартни есімді әнші тұр. Бұл екі рекордшы өз рекордтарын екі түрлі сала бойынша орнатқан. Бірі әуен хитімен топ жарған болса, екіншісі физикалық күшті қажет ететін істермен рекорд жасаған.
Ашрита өз рекордына шапшаңдық пен төзім арқасында жеткен. Мысалы, ол пого-стикпен Амазонка өзенінің су астында 3 сағат 40 минут бойы секірген, Жапония еліндегі Фудзияма тауына пого-стикпен мініп-түскен, басымен бір бөтелке сүтті ұстап 129 шақырым жолды жүріп қайтқан, 24 сағат ішінде секіргішпен 130 000 рет секірген.
Алайда таңғалдырарлық рекордтарынан бөлек, ақылға қонымсыз, басқаша айтқанда, «бала ермегі» сияқты істермен де айналысты. Мысалы, рекордшы 1 минут ішінде жүзім жидегінің 68 данасын аузымен қағып алған.
Фурман өзінің берген сұхбатында оған физикалық күшті көп қажет ететін рекордтан гөрі шетінен басқанда ырғып, секіріп түсетін дөңгелек сүйек ойыны сияқты баланың ермегін жасау әлдеқайда ұнайтынын айтады. Себебі ол адамдардың күлгенін қалайды екен.
"Мұны не себеппен істеп жатырсыз?" деген сауалға рекордшы: «Мен адамдар өзіне сенсе, адамның аспайтын асуы, баспайтын белі, алмайтын қамалы жоқ екенін түсіндіргім келеді», - дейді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан туын денесіне тату етіп салған үнді
Қос неміс жігіт суға лақтыратын катапульта жасап шықты
Ғалымдар ой әлемін оқи алатын техниканы жасап шықты
Сурет: colourfulrebel.com
Н. Нұрмаханұлы