National Geographic фотобайқау жариялайды

National Geographic фотобайқау жариялайды

National Geographic әлемдегі коммерциялық емес ғылыми-танымдық ұйымдардың бірі болып табылады. Өз атауымен шығатын журнал және телеарнасы бар аталған ұйым фотографтардың арасында жыл сайын арнайы байқау өткізіп тұрады.

Байқауға қатысушылардың суреттері әртүрлі тақырыпта. 

Кез келген ерікті өз еңбегін байқауға жібере алады. Оған оның кәсіби суретші екенін растайтын ешбір құжаттың қажеті жоқ. Бұл байқау өзінің осы секілді артықшылықтарымен көзге түседі. Ал бас жүлдеге біршама тер төгуге тура келеді. Жеңімпазға жүлдегер фотосы үшін 10 мың АҚШ доллары сыйақы ретінде берілетін болады.

Жыл сайын әлемнің 150 елінен еріктілер ресми сайтқа 7000 түрлі фотосын жіберіп отырады. Фотосуреттерге бір назар аударғаннан кейін, қоршаған ортаға біршама анықтап назар аудару керек екендігі туралы ойлай бастайсыз. Ендеше суреттерді көріп, өз бағаңызды беріңіз. Қызығушылық танытсаңыз, байқауда өз бағыңызды сынап көруіңізге болады.

Сурет: nationalgeographic.com

Ж. Өрісбай