Аниме туралы қызықты деректер

Аниме туралы қызықты деректер

«Манга» сөзін алғаш рет 1814 жылы атақты суретші Кацусика Хокусай өзінің графикалық сериалында қолданған. Манга «гротеск», «қызықты картина» деген мағына береді. «Манга» сөзі тек жапон комикстеріне ғана тән нәрсе. 1917 жылдан бастап алғашқы аниме-мультфильмдер шыға бастаған.

«Аниме» — жапон анимациясы. Аниме сөзі ағылшын тілінің «animation» сөзінен пайда болған. Бұл сөздің термин ретінде қолданылып жүргеніне көп бола қоймады. Бұған дейін үлкен аға буын өкілдері оның орнына «манга-эйга» («комикс-киносы») сөзін қолданды.

Көздері үлкен, ішкі сезімді дәлме-дәл жеткізетін аниме мультфильмін ойлап тапқан жапондар емес. Анименің атасы Осаму Тэдзука Уолт бұл идеяны Дисней мультипликациялық студиясының негізін салған Уолт Дисней мырзадан алған деседі.

Аниме ережесі бойынша, әр кейіпкердің көзі рөліне сәйкес әркелкі болуы тиіс. Мысалы, зұлым адамның көз қарашығында бірнеше қара нүкте болады.

Аниме кейіпкерінің дауысын салатын адамды «сэйю» деп атайды. Сэйю мамандығы Жапонияда ең бір лауазымы мен атағы жоғары мамандық болып есептеледі. Сэйю жұмыстарымен елдің беделді эстрада жұлдыздары да айналысады.

Ең ұзақ аниме сериалы 1969 жылы басталып, түсірілімі әлі күнге дейін аяқталмай келеді. Ол Матико Хасэгаваның әңгімесіне негізделіп жасалған. Сериалдың аты - «Садзаэ-сан». Жапонияда Садзая сериалымен бірнеше ұрпақ өсіп, кейіпкердің бастан өткен оқиғаларын біраз уақыттан бері тамашалап келеді.      

Жапонияға классикалық аниме жанрын режиссёр Хаяо Миядзаки алып келген. Оның жұмыстары шетел асып, көптің көзайымына айналған. Миядзакидің бірінші және жалғыз «Әруақ алғанда» атты анимациялық фильмі Берлин кинофестифалінің «Ең мықты фильмі» номинациясын жеңіп алды. 

Аниме бірнешеге бөлінеді:

Кодомо – манга анимесі. 12 жасқа дейінгі балаларға көруге арналған. Балалық шақ туралы, күрделі ойлардан алшақ болады.

Сёнэн — 12-18 жас аралығындағы жастарға арналған аниме. Жасөспірімдік кезең, тез өсіп жетілу секілді тақырыптарды қозғайды. Аниме ішінде бұдан басқа қызықты әзіл-қалжың, спорт, достық, махаббат тақырыптары қозғалады.

Сэйнэн — 18, 25-40 жас аралығындағы егде кісілер көретін аниме. Бұл анимеде психология, сатира, адамның шығармашылық дамуы аса қатты сомдалады.

Дзёсэй — аниме мен мангадан тұрады, әйелдерге арналған. Жалпы қарапайым жапон әйелінің Жапониядағы өмірі туралы айтылады.

Стандартты анимеден бөлек комедия, төбелес, тарих, драма, детектив, фантастика секілді әр түрлі жанрлар бар.

Ме́ха — күрделі механизмді, өз бетінше қимылдайтын, өмірде жоқ кейіпкер. Бұл терминді «алып көлемді адам тектес роботқа» қолданады.

Киберпанк — жердің болашағын жаңа технологиялы компьютерлер шешеді. Болашақты шынайыдан мүлдем бөлек етіп, келер шақты тым көмескі қылып көрсетеді.

Добуцу — адамға ұқсас жүн терісімен қапталған хайуан. Жапон тілінде «добуцу» (doubutsu), яғни «жануар» деген мағынаны білдіреді. Добуцуға «нэко» (мысық), «кицунэ» (түлкі), «усаги» (қоян) секілді жануарлар кіреді.

Идол — өнер мен бизнес саласында жүрген адамдар туралы аниме.

Оқи отырыңыз: 

Тамырын тереңге жайған гүл даласы

Үнділерді жеңіске жетелеген әскери айла

Непал елінің ерекше бал жинау дәстүрі туралы

Итке тұрмысқа шыққан үндістандық қыз (видео)

 

Сурет: fotokaif.com

Н. Нұрмаханұлы