Тау басына тізерлеген обсерватория туралы

Тау басына тізерлеген обсерватория туралы

Бұл ғимаратқа алғаш көз тастағаныңызда ақылыңызда бір мезетте сан мың ойдың түйісері анық. Әйтсе де, биік таудың басына бұлтпен таласа орналасқан обсерватория деп сірә ойламаған шығарсыз...  Иә, шынымен де, бұл – теңіз деңгейінен 3571 метр биіктікте Швейцар Альпісінің Юнгфрауйох асуында орналасқан “Сфинкс” обсерваториясы. Тау басына тізерлеген “Сфинкс” обсерваториясына бірге шолу жасайық.

Бүкіл Еуропада әзірге бұдан биік салынған ғимарат жоқ.

Обсерватория мұзды Алеч құзында орналасқан.

"Сфинкcке"  110 метрге 1200 жүргіншіні 25 секундта тасымалдайтын лифтпен жетуге болады.

Швейцарияда бұл жерді «Әлемнің шыңы» деп атауы бұдан кейін таңқаларлық жағдай емес.

Бұл обсерваторияға жету әркімнің қолынан келе бермейді: Жолаушы Берннен 45 минут пойызбен Альпінің етегіне барады, кейін 3 сағат жүретін басқа пойызға отырады.

"Сфинкс" – нейтрино зерттейтін обсерватория және лаборатория. Ол аса үлкен көрінмегенімен, өзіне төрт  зерттеу орталығы мен астрономиялық күмбезді сыйдырып тұр.

Оның екі террасасында ғылыми тәжірибелер өтеді. Шағын метеостанция да бар.

Обсерваторияда 76 сантиметрлік күн спектрометр бөлшегі болып табылатын телескоп бар. 
Бұл – Бельгияның Льеже қаласының астрофизика және геофизика университетінің және Швейцарияның Лозанне қаласындағы LIDAR политехникалық университетінің тәжірибе орталығы.

Мұнда келушілерді кіргізе береді, ал бірақ түнде тек ғалымдарға ғана рұқсат бар. Сондықтан, Юнгфрауйох құзына барған кезде есіңізден шығармаңыз: «Сфинкс» обсерваториясынан қайтып, ғылымға жол беруіңіз керек.

 Сурет: bigpicture.ru

Е. Жұмабайұлы