Тарих толқынында жүзген хаттар...

Тарих толқынында жүзген хаттар...

Ғаламның ғажайып өзіндік сырларынан бөлек, адам баласының сан мың сезім иірімдерінен туған арман-мұраттары қашанда таңқаларлық әпсаналарға себеп болған. Соның бір айғағы – бөтелкедегі хаттар. Көбіміз бұл жайында ойланып көрмегеніміз жасырын емес. Хат – өте бағалы қазына. Әсіресе, өмірді өзгертіп, өзегіне құн-нәрі мен құнарын енгізген, жадыратқан тұстары көп-ақ... Мызғымас махаббат, жол бағдары, құпия мәлімет пен сарқылмас сезімдердің символына айналған бөтелкеге тығындалған хаттардың тарих толқынында қалайша жүзгеніне көңіл бөліңіз.

1. Бұл бөтелкедегі хат Канададан Хорватияға дейін жиырма сегіз жыл жүзіп келген

Бөтелкені Оңтүстік Хорватияның Дубровник жағалауында жүрген серфингшілер тауып алған. «Spilt» және «Komin» Серфинг клубының мүшелері жағажайды жаңа маусымға дайындау барысында тазалық жұмыстарын жүргізіп жүріп, шағылған шөлмектерді кезіктіреді. Жас Матео Медак-Резиц бір бөтелкедегі жазулы қағазды көреді. Хатта «Мэри, сен, шынымен, керемет жансың. Біз хат жазысып тұрамыз деген үміттемін. Мен саған жазатынымды айтқан едім ғой. Мәңгілік досың, Джонатан. Жаңа Шотландия, 85» деп жазылған. Хат Атлант мұхитымен, Гибралтар бұғазының ағысымен, Адриат теңізі Далмат жағалауына құймас бұрын Жерорта теңізі арқылы жүзіп келген. Тура қашықтықпен есептегенде «ерекше саяхат» 4 000 мильді (шамамен, 6,5 мың км.) құраған.

2. Отыз жылдан соң Facebook парақшасында жауабын алған бөтелкедегі хат

Оливер Вандвалль 30 жыл бұрын жазған хатына әлеуметтік желіден Facebook қолданушысы арқылы жауап алады. Оңтүстік Англия жағалауы маңындағы отбасымен теңіз саяхаты кезінде 14 жасар Вандвалль өз қойын дәптерінің парағын шарап бөтелкесіне салып, суға жіберген. 33 жыл өткен соң Лорейн Йетс бөтелкені Дорсетттегі Санаги жағасынан тауып алған. Көрсетілген мекенжайға хат жазудың орнына Йетс Facebook парақшасынан тауып алып, сөйлеседі. 47 жасар Вандвалль «Бұл бұрында болған оқиға болғаны соншалық – «бұл менің хатым емес» дегім келді, бірақ есіме кейін түсті» деп мойындаған. Хатта ол өзін былай суреттеген: «Мен – 14 жасар баламын, менің үйім Бельгияда. Мен сенің кім екеніңді білмеймін. Мен 18 метрлік кемедемін. Кеменің аты «Tamaris». Мен бұл хатты жазып отырмын, біз Оңтүстік Англияның жағасындағы Портленд мүйісінен астық. Біз осы таңда теңізге шықтық». Вандвалльдің екі баласы әкелерінің тарихын қайталағылары келген, бірақ Вандвалль олардың әрекеттерінің жүзеге асуына күмәнмен қарайды. «Олар өздерінің мекенжайларын жазбай ақымақтық жасаған, сондықтан, жауап алуға мүмкіндіктері жоқ» дейді әкелері.

3. Жолдаушының отбасына 76 жылдан кейін оралған бөтелке-хат

76 жыл бұрын жолданған бөтелкедегі хат Жаңа Зеландияда табылған және оны жазған хат иесінің жанұясына берілген. Оны 2012 жылы қараша айында Джеф Флуд тапқан. Хатта: «Теңізде. Бұл хатты тапқан адамнан хатта көрсетілген мекенжайға апарып беруін сұраймын» делінген. Хатты Герберт Эрнест Хилбрик «1936 жыл, 17 наурыз» деп көрсетіп суға жіберген. Флуд мырза хат иесінің ХХ ғасырдың 40 жылдарында дүниеден өткенін білген, ал аманатты хат иесінің немересі Австралияда тұратын Питерге табыстаған екен.

4. Теңіз қарақшыларынан бөтелке-хаттың көмегімен тұтқынынан құтқарылған топ

2011 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ үлкенжүк кемесін қолды қылады. Қолға түскен кеме командасына арнайы жасақталған британдық құтқарушылар тобы көмекке келеді. Тұтқындағы теңізшілер брондалған абақтыда ұстаған. Олар құтқарушыларға бөтелкемен хат жолдаған екен. Хатта олардың амандығы тура айтылыпты. Әйнек құтымен жіберілген хат құтқарушылардың қолына тигеннен кейін, барлық экипаж мүшесі құтқарылып, қарақшылар тұтқындалған.

Сурет: mixstuff.ru

Е. Жұмабайұлы