Құстар мен жәндіктер ауа-райынан алдын ала мәлімет бере ала ма?

Құстар мен жәндіктер ауа-райынан алдын ала мәлімет бере ала ма?

Метеорологтар атмосферадағы ауа-райы өзгерістері мен ауа райы құбылыстарын метеорология құрал-жабдықтарымен тексеріп, ауа-райынан алдын ала мәлімет берумен бірге, табиғат дүниесіндегі құс, жәндік қатарлылардың тіршілік қимылын бақылау арқылы олардың атмосферадағы өзгерістерді алдын ала сезе алатын биологиялық қабілетке ие екендігін байқаған.

Көкек

Көкектің сайрауы күннің ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығынан дерек береді.

Сарғалдақ

Сарғалдақ мысықтың мияулағанындай дауыс шығарса, күннің бұлыңғыр болатындығынан, егер сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығынан дерек береді.

Үкі

Үкі жаз, күз маусымында, күн шыққан кезде немесе ақшам уағында арт-артынан 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса әрі бұтақтан-бұтаққа қонып тыным таппаса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Сақау кептер

Сақау кептер ағаш бұтақтарына бүгініп алып, мойынын ерекше созып сайраған кезде дауысы булығып шықса, күн бұлтты болып, жаңбыр жауатындығынан, егер ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа рйының ашық болатындығынан дерек береді.

Қарға

Қарға ұдайы жоғары дауыспен қарқылдаса, 1-2 күннен кейін, қатты жаңбыр жауатындығынан, егер даусы қарлыққанша қарқылдаса, ұзақ өтпей-ақ жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Сауысқан

Сауысқан таңертең қора маңындағы ағаштарға қонып алып шықылықтаса немесе жерге түсіп шықылықтай секектеп жүрсе, күн ашық болатындығынан, егер ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттап, жауын-шашын болатынынан дерек береді.

Торғай

Күн ашық күндері торғайлар таң-сәріде топтанып ұшып, тамға немесе ағаш бұтақтарына қонып сайраса, күннің үздіксіз ашық болатындығынан, егер торғайлар бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ өтпей-ақ күн бұлттап жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Бақа

Бақа әдетте құрғақ ыстық ауа райын жақсы көреді. Жаңбыр жауудың алдында күн бұлттап, ауаның ылғалдылығы барған сайын арта түседі. Бұл кезде терісі арқылы тыныс алатын бақаның тыныс алуы кедергіге ұшырайды да, беталды бақылдай береді. Міне бұл қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.

Құмырсқа

Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.

Өрмекші

Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.

Бал арасы

Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шақса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясынан өте кеш қайтса, 2-ші күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: mohw.gov.tw

M. Auelkhan