- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Табиғаттың қас жауы...
Табиғаттың қас жауы немесе бір аптада қанша қоқыс тастаймыз?
Біз үнемі теледидардан болсын, я көшелерде «Қоқыстан таза қала», «Жасыл қала» және тағы да осы мазмұндағы көптеген жазбаларды көріп, естіп жүреміз. Алайда көпшілігіміз өзіміздің күнде қанша қоқыс тастайтынымыз бен оның апталық көлемі қандай болатынын ойлап көрмеген шығармыз?
Бұл сұраққа жауапты Калифорния штатының фотографы Грегг Сигал өз аспабының көмегімен беруге тырысқан екен. Дәлірек айтсақ, америкалық жігіт әр адамның бір апта бойына лақтырған қоқыстарын сол адамның өзімен бірге суретке түсіріп, ерекше фотолардың сериясын жасап шығарған. Бұл жоба «Қоқыстың жеті күні» деп аталады.
«Мен адамдарды өздері шығарған қоқыстармен бірге табиғат аясында фотоға түсіргім келді. Ондағы мақсатым – біз лақтырған қоқыстардың айналаға қаншалықты зиянды екенін көрсету болды. Фотолардан қоқыс пен табиғаттың бір-біріне қарама-қайшы дүние екенін айқын аңғаруға болады»,-дейді фотограф.
Кейін белгілі болғандай, жобаға қатысушылардың кейбірі бір аптадан кейін арттарында қандай көлемде қажетсіз нәрселер қалатынына көздері жетіп, қатты қысылған. Америкалық фотографтың да көздегені осы болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: ©Gregg Segal
Б. Қосмағамбет