- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бизнес және жарнама...
Бизнес және жарнама туралы қызықты мәліметтер
1. Бірінші Колгэйт тіс пастасы бөтелкеде сатылды.
2. Стив Джобс: «Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын».
3. Nike белгісінің дизайны небарі 35 долларға жасалған.
4. Жұмыстың өнімділігі сейсенбі күні артады.
5. Смокингтердің 20 пайызы мамыр айында жалға алынады.
6. Мейрамханалардың 90%-ы жұмыс істеген алғашқы жылы шығынға ұшырайды.
7. Сиыр – қырынуға арналған жапониялық брендтік крем.
8. Duracell батарея өндіруші заводы өзінің жаңа халықаралық кеңсесін өз өнеркәсіптерінің қалдық материалдарынан жасаған.
9. 2004 жылы Жапон Балмұздақ Ассоциациясы балмұздақ танымалдылығын арттыру мақсатында «шикі балмұздақ», яғни шикі етті араластыра отырып жасалған балмұздақ шығара бастаған.
10. Microsoft корпорациясы бірінші жылы $16 005 табыс тапқан.
11. Мұнай алпауыты Джон Рокфеллер әлемдегі ең бірінші миллиардер болып табылады.
12. Sony компаниясының алғашқы өнімі – ас үй плитасы.
13. Жапония мейрамханаларында шайпұл берілмейді.
14. Walt Disney компаниясы күніне шамамен 120 000 келі қоқыс қалдығын шығарады.
15. Yahoo алғашында «Әлемдік ғаламтордың Джери анықтамасы» деп аталған.
16. M&M кәмпиттері Mars&Murrie деген мағына береді.
17. Ең алғашқы жарнама 1477 жылы Англияда орнатылған.
19. Apple-дың бірінші логотипінде Исаак Ньютонның суреті бейнеленген болатын.
20. Балаларға арналған тауарлар әдейі төменірек орналасады. Егер балаңыздың мазасызданып кеткенін қаламасаңыз, арба үстіне отырғызып алыңыз.
21. Macintosh – АҚШ-та сатылатын Стиб Джобстың сүйікті алма сұрыпы.
22. Көптеген жарнама көрсетілімдерінің берілетін уақыты 10:10-ға сәйкес.
23. «American Airlines» компаниясы бірінші класс жолаушыларының тамағынан бір ғана зәйтүнді алып тастау арқылы 40 000 доллар ақшаны үнемдеген.
24. «Haррy birthday to you» әні авторлық құқық қорғауына алынған музыка.
25. Бір кубометр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш талшықтары жасалынады.
26. Орташа есеппен банкомат жылына 250 долларға ұтылады.
27. Tide әлемдегі киім жуу ұнтақтарының 70 пайызын қамтиды.
28. Қытай мақал-мәтелі: «Кімде кім күлімсірей алмайтын болса, ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.
Оқи отырыңыз:
Әлемнің үздік брендтерінің ұрандары
Астана қаласы туралы қызықты деректер
Жануарлар туралы ең қызықты деректер
Мемлекеттер мен олардың ұлттық валюталары
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: massaget.kz,www.plan-your-time.com,selfire.com
Н. Нұрмаханұлы